Жолдағы қауіпсіздік ережелері
1) Жолдан өтпес бұрын жеңіл көлік, автобус, жүк көліктері «зебраға» жетер шақта жылдамдығын азайтқандығына көз жеткізу қажет.
2) Жол бойында, әсіресе қыс мезгілінде және жаңбырдан кейін, мұз кезде жүрмеу қажет.
3) Жаяу жүргінші аймағы жоқ жолды кесіп өтуге қатаң тыйым салынады.
4) Үлкен жолдардан өтер кезде өте сергек болу керек. Өйткені машиналардың үлкен ағымы бар, өте үлкен жылдамдықтар бар.
5) Велосипедпен, самокатпен көлік жолында оқушылар жүрмеуі керек. Жолаушылар жолында жүргенде де адамдар аз болатын жолдарды қолданған жөн. Жолды кесіп өтуге дайындық кезінде велосипедтен түсіп өткен абзал.
6) Балаларға аулада ойнағанда ойын алаңынан шығып кетпеу қажет екендігін түсіндіріңіз.
7) Ата-аналар балаларға үнемі жол қауіпсіздігі бойынша ақыл-кеңестерін айтып отыруы қажет.
8) Жолдан өткенде ұялы телефонмен сөйлеспеу қажет, әуен тыңдамау қажет.
Дата: 16.05.2023, 12:33 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі