Қыз сыны - 2023

Қыз сыны - 2023
06.03.2023 жылы 8 - наурыз Халықаралық Аналар күні қарсаңында 3 - 4 сыныптар арасында "Қыз сыны - 2023" байқауы өтті. Байқау шарттары:
1. Таныстыру
2. "Қыз еркем - қылығымен көркем" (арулар өз өнерлерін көрсетеді )
3. "Шеберлік" сайысы
4. "Білгенге маржан" салт-дәстүрге байланысты сұрақ - жауап. "Қыз сыны" байқауына қатысқан аруларымыз өте белсенді болды. Байқауда ән айтылып, би биленіп, қазақтың ұлттық тағамдарының жасалыну жолдары жайлы мағыналы да, мазмұнды ойларымен бөлісті.. Аруларымыз білімімен қоса, өнерден де құр алақан емес екендерін көрсете алды. Бас жүлдені 4А сынып оқушысы Нұрболатова Диана иеленді.
Дата: 8.03.2023, 22:39 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі