Daily and Free-time activities
17.01 күні ағылшын тілі мұғалімі Данағұлова Аяужан Мұратовна 3А сыныбында "Daily and Free-time activities" (Хобби) тақырыбында ашық сабақ берді. Жас маман сабақ мақсатына жетуде интерактивті тақта мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқушылар әріптердің орны ауыстырылып берілген сөздерді саусақтың ұшымен ғана қалпына келтіруге берілген тапсырманы аса қызығушылықпен орындады. Өлеңді қосылып айту арқылы жаңа сөздерді айтып үйренді, "ия-жоқ" ойыны арқылы өз пікірлерін білдірді. Сабақта жауап бермеген оқушы қалмады. Жарайсың, Аяужан Мұратқызы.
Дата: 19.01.2023, 8:27 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі