7-8-сыныптарда оқитын ер балаларымен "Бала құқығы және міндеттері" тақырыбында педагог-психологпен және қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерімен кездесу ұйымдастырылды.
09.09.2022ж. күні мектеп-лицейіміздің 7-8-сыныптарда оқитын ер балаларымен "Бала құқығы және міндеттері" тақырыбында педагог-психологпен және қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға: буллингке немесе кибербуллингке тап болғанда не істеу қажеттігі жайында; керісінше жасөспірім буллинг немесе кибербуллинг жасаған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы; кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық түрлері мен салдары туралы; ҚР-ның бала құқығы туралы Заңымен таныстыру; ер бала гигиенасы және мектеп формасының қатаң сақтануы туралы ақпараттар берілді.
Дата: 19.09.2022, 10:36 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі