Облыстық туристік слет

     Облыстық туристік слет
Тамыздың 26-27 күні Бурабайда "Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен туристік - өлкетану жұмысын ұйымдастыру" бойынша облыстық туристік слет өтті. Туристік слетте оқушылармен маршруттық картамен жүру, палатка құру сияқты жұмыс түрлері жүргізілді. Туристік слетте белсенділік танытып, Балқаш командасы ІІ - орынға ие болды.
Балқаш қаласы командасының құрамында  Абай атындағы №2 мектеп лицейдің 8 сынып оқушылары -   А. Асылмұрат,  А. Сенкібаев, А. Жұмабекова, география пәні мұғалімі - А.М. Тускеева  сайыс түрлеріне қатысты.
Дата: 1.09.2022, 15:48 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі