Республикалық "Мектепке жол" акциясы бастау алды.

Республикалық

Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығыныда өткізілуде. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

Дата: 9.08.2022, 17:17 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі