«Түнгі қаладағы жасөспірім» жедел алдын-алу рейдін өткізу туралы ақпар

 «Түнгі қаладағы жасөспірім» жедел алдын-алу рейдін өткізу туралы ақпар

   2021-2022 оқу жылының 21 мамыркүні түнгі уақытта, яғни түнгі сағат 23.00-ден кейін  көше кезіп жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтап қана қоймай, баласын қараусыз жіберген ата-аналарды жауапкершілікке тарту, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын  алу мақсатында кестеге сәйкес лицей мұғалімдерінің  қатысуымен «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өтті.

Рейдке қатысқандар:

  1. Ә.Өмірхан -  ДТЖО
  1. Н.Қ.Кәрібай-  АӘД пәні мұғалімі
  2. Ж. Болат - 9Ә сынып жетекшісі
  3.  Қ.Аманжол- 7В сынып жетекшісі
  4. А.М.Тохметова - әлеуметтік педагог
 

  6)  Ж. Саденова -  қамқоршылық кеңесінің мүшесі

 

     Рейд барысында адам қарасы азаймайтын қала орталығын, қоғамдық орындарды, соның ішінде ойын-сауық орындарын , дүкендерді тексердік.

Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық, тәртіпсіздік ,заң бұзушылық жасаған 18 жасқа толмаған балалар анықталған жоқ.

Дата: 24.05.2022, 9:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі