Размер шрифта:

"Тамақтану мәдениеті және дұрыс тамақтануды насихаттау " онкүндігі бойынша орындалған іс-шаралар

 

"Тамақтану мәдениеті  және дұрыс тамақтануды насихаттау " онкүндігі бойынша орындалған іс-шаралар

1) 1-11 сыныптар арасында  «Дұрыс тамақтануды насихаттау» тақырыбында  сынып сағаттарын өткізілді.

 

         7А сынып жетекшісі Н. К. Пиримбетованың ұйымдастыруымен сыныпта салауатты өмір салтының бір бөлшегі дұрыс тамақтану, пайдалы тағамдарды тұтыну, зиянды тағамдардан аулақ болу, әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы екенін ұғындыру мақсатында «Дұрыс тамақтануды насихаттау» тақырыбында сынып сағаты өтті.

2) 3 сыныптар «Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының негізі» тақырыбында ақпараттық стенд жасады.

3) 9 сыныптар  "Дұрыс тамақтануды насихаттау" бейнеролик көрсетті. Мақсаты: Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Дата: 27.04.2022, 13:45 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі