11.04 оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг
11.04 оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераждық комиссиясының кезекті тексерісі өтті. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық-түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.
Дата: 12.04.2022, 11:48 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі