Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесі
Ақпан айының 07 күні оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізубракераждық комиссиясының кезекті тексерісі өтті. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық-түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.
Дата: 16.02.2022, 9:27 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая