«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді

«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді

Желтоқсанның 24-і күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың  қадағалаусыз, қараусыз жүруінің алдын алу, бала еңбегін қанаудың алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында лицей мұғалімдерінің  қатысуымен «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өткізілді. Рейдтік шара барысында қала көшелері толық араланып, барлық кафе, дүкен, түнгі клубтарға рейд жүргізілді. Оқушылардың үйін аралап тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылды. Қала дүкендерін аралап жасөспірімдерге алкоголь сусындары мен темекі өнімдерін сату деректері бақыланды. Аталмыш шараны өткізу барысында түнгі уақыттарда жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ. 

Дата: 27.12.2021, 15:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі