"Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу- басты міндет" тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өтті.
Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін, 08 қазан күні сағат 17.30.- да "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу- басты міндет" тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде "Баланың құқықтары туралы заңына", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық" туралы Кодексіне және мектептің ішкі тәртіп ережелеріне тоқталып, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін атқарудағы жауапкершіліктері айтылды.
Дата: 9.10.2021, 14:35 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі