Кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.

Кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың 442-бабының бұзылмауын қадағалау мақсатында 2021 жылдың 02 қазаны күні кезекті «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өтті. Рейдтің мақсатытүнгі уақытта көше кезіп жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтап қана қоймай, баласын қараусыз жіберген ата-аналарды жауапкершілікке тарту. Рейд барысында мектеп ұжымынан құрылған арнайы топ қала орталықтарын, қоғамдық орындарды, соның ішінде ойын-сауық орындарын , дүкендерді  тексеріді.

      Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық, тәртіпсіздік, заң бұзушылық жасаған 18 жасқа толмаған балалар анықталған жоқ.

Дата: 4.10.2021, 11:41 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі