"Жазғы мектеп-2021"

26.05 күнінен бастап "Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде" 1-10 сынып оқушыларының білімін толықтыру мақсатында "Жазғы мектеп" жұмысы  ұйымдастырылды. Аталған іс-шара бойынша сабақ кестесі, сабақ жоспарлары құрылды. Мектеп-лицейде бастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазуға  және логикалық ойлауын дамытуға, оқу жылдамдығын көтеруге бағытталған сабақтар жүргізілуде.
5-8 сыныптарда функционалды сауаттылықты дамыту мақсаттарына негізделген тақырыптарды жетілдіру қарастырылған. Білім алушылардың білімін толықтыруда "Интеллектум", "Компьютерлік сауаттылық", "Қызықты тәжірибелер мен зерттеулер" тақырыптарында қосымша сабақтар жүргізілуде. 10-сыныптар үшін ҰБТ-ге дайындық тақырыптары жоспарға қойылған. Оқушылардың "Жазғы мектеп" сабақтарындағы белсенділіктері білімге қызығушылықтарының жоғары екендігін айқындады.
Дата: 3.06.2021, 11:28 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі