Дарындылар марапатталды!

   Дарындылар марапатталды!
         03.05.2021 ж күні  халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба жеңімпаздарын онлайн марапаттау салтанатты жиыны өтті.
         Жиында 5-6 сыныптар арасында республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық кезең жеңімпаздарын, 9-11 сыныптар арасында өткен пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық, республикалық кезең жеңімпаздарын, физика пәні бойынша 8-сынып оқушылары арасындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы облыстық олимпиадада жеңімпаздарын,  жалпы білім беретін пәдер бойынша облыстық «Дарын»  ғылыми жобалар конкурсының облыстық, республикалық кезең жеңімпаздарын және халықаралық  «Жібек жолы» олимпиадасының, халықаралық  33 –ші Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.  Жеңімпаз оқушыларымызды сапалы дайындаған ұстаздарымызға Алғыс хат жарияланды.
         Соңынан мектеп-лицейіміздің директоры Рахимберлина Қ.Т. жеңімпаз оқушыларымызға, ұстаздарға өз алғысын жариялады.  Сонымен бірге ұстаздарымыз  Г.М. Амирбаева, Ш.Т. Жаксыгельдина, Ж.Т. Рахимова оқушыларға өз тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
Дата: 3.05.2021, 16:18 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі