«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейдінің өтуі туралы ақпар.
Пандемия кезінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылау, айқындау (балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сабақты жиі босататын, қыдырымпаз, қараусыз, жағдайлары төмен отбасылардағы балаларды), сонымен қатар лицейге бөлінген мөлтек ауданның шекарасында Қазақстан Республикасның әкімшілік құқықтық кодексінің 442 бабы 2 тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 22:00 ден кейін жүрулерін қадағалау мақсатында 2020 жылдың 11 желтоқсан күні кешкі сағат 22.00-23.30 аралығында «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейдтік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға лицей ұжымынан келісім бойынша 4 адам және лицей инспекторы қатысты.
1.Дене шынықтыру пәні мұғалімі - Ж.Адамбай
2.Психолог – А.Толетаева
3.9 «Ә» сынып жетекшісі – Ж.Рахимова
4.6 «В»сынып жетекшісі-Қ.Аманжол
5.Лицей инспекторы –А.А. Нұрбек (келісім бойынша)
Рейдтік шара барысында 8 Март, Абай, Гоголя, Әлімжанов, Жамбыл, Жезқазған, Тоқтамысова, Бөкейханова көшелері, Сванқұлов орамы, Ағыбай батыр маңындағы барлық кафе, дүкендер, ойын-сауық орындары, бос қалдырылған ғимараттар тексеріліп, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі жүріс фактілері анықталған жоқ. Кешкі сағат 22.00 – ден кейін мектеп оқушыларының жүрмейтіні анықталды. Ойын-сауық орындары пандемия кезінде кешкі сағат 22.00 – ден жабық тұратындары анықталды. Кафе, дүкендер иелеріне кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты әкімшілік және қылмыстық құқықтарының нормалары түсіндірілді.
Директор К.Т.Рахимберлина