«Лицей оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

«Лицей оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Қазіргі таңда жасөспірімдердің интернет қауіпсіздігі басты назарда. Осы орайда ғаламтормен жұмыс жасаудағы қарапайым ережелерді есте сақтауымыз қажет.

Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері
1.    Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2.    Сізге пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе (таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп алыңыз.

3.   Егер таныс емес қосымша келер болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып қойыңыз.
4.    Құпиясөзді еш уақытта ешкімге бермеңіз.
5.    Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап қалуға қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен қолдануға тырысыңыз.
6.    Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.

7.    Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.

8.    Егер Интернетте тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын қадағалаңыз.
9.    Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз.

10.   Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.

11.   Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.

Және де қазіргі уақытта «Кибербуллинг» деген сөзді жиі естудеміз. Кибербуллингке тап болған жағдайда, Егер де жасың 18-ге толмаса, ал біреу интернетте сенің жеке фотосуретіңді жарияласа, ол ЗАҢСЫЗ әрекет болып табылады. Ондайда safekaznet.kz қызметіне шағымдана аласың, ал бұл заңсыз пост бұғатталады.

Бұғаттауға арналған қосымашалар:

Программа Rejector:

  • Балалардың қалаусыз сайттарға кіруін шектейді;
  • Қарапайым Басқару;
  • Вирустардан қорғау;
  • Қате адрестерді енгізуді түзету;
  • Интернетті пайдалану статистикасы.

Family link бағдарламасы:

Ата-ана бақылауы функциясы бар Google ұсынған тегін Family Link қолданбасын пайдаланып көріңіз. Балаларыңыз жасөспірім немесе одан кіші болса да, Family Link цифрлық құрылғыларды пайдаланудың негізгі ережелерін өз құрылғыңыздан қашықтан белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай ережелер балалардың оқуын, ойнауы мен желіні шарлауын қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ 13 жасқа толмаған балалар үшін Family Link сіздің есептік жазбаңыз сияқты көптеген Google қызметтеріне кіру мүмкіндігіне ие Google есептік жазбасын жасауға да мүмкіндік береді.

Дата: 8.12.2020, 9:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі