Биология ғылымының докторымен кездесу

Биология  ғылымының докторымен  кездесу

19.11.2020 ж күні лицейішілік «Зиялы бейсенбі» жобасы өтті.

 

Тақырыбы:   «Қазақстандағы биология ғылымының өзекті мәселелері»

Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті жайлы ақпарат

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар бере отырып Қазақстандағы биология ғылымының өзекті мәселелерінің халық игілігіне пайдалану жолдарын көрсету.

 «Зиялы бейсенбі» қонағы:  Сапаров Қуандық Әбенұлы  – Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, биология ғылымының докторы

       «Зиялы бейсенбі» іс-шарасына лицей ұжымымен қоса қала мектептерінің биология пәнін таңдап отырған жоғары сынып оқушылары, биология мұғалімдері қатысты.  

           Лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина «Зиялы бейсенбі» қонағымен таныстырып, кіріспе сөзді өзі бастады.

          Директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. лицейдегі биология пәні бойынша құрылған «Биос» ОҒҚ-ның жұмысымен таныстырып өтті.

 

       Келесі бөлімде Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Сапаров Қуандық Әбенұлы  Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті жайлы және Қазақстандағы биология ғылымының өзекті мәселелерінен жан-жақты ақпараттар айтты. Биология таңдап отырған түлектерге кәсіби бағытта мағлұмат берді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  

Дата: 20.11.2020, 16:09 Автор: №2 Лицей