Размер шрифта:

«Ұстаздар күні мерекесі»

«Ұстаздар күні мерекесі»

02.10.2020 ж. лицейімізде онлайн форматта «Ұстаздар күні мерекесі» іс-шарасы өткізілді. Лицей әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы ұстаздарды дәстүрлі мерекелерімен құттықтап, Білім және ғылым министрлігінің, қала әкімінің, білім бөлімінің құрмет грамоталарымен және лицейішілік алғыс хаттармен марапаттады.

 

Қадірменді ұстаздар! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы  жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам деген қағиданы бір сәт те назардан шығармаған Елбасыларымыздың көреген саясаттарының нәтижесінде білім ордалары, лицейіміз, қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, ерекше жетістіктерге жетіп отыр.

Құрметті ұстаздар, сіздер рухани дүниеміздің асқақтығын әрқашан туған халқының алдында паш етіп, елдің еңсесінің биік болуына, бірліктің іргесі сөгілмеуіне, ырыс пен ынтымақтың біріге түсуіне үнемі зор үлес қосып келесіздер. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда.

Қадірменді әріптестер! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз! Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызметтеріңізде тек өрлеу мен өсуге бастасын. Оқушыларыңыздың құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Дата: 5.10.2020, 7:32 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі