Мен әдемі жазамын
![Мен әдемі жазамын](/media/img/journal/5f6ae7fe8081b.jpg)
17 қыркүйек күні лицейде қазақ тілі апталығы жоспарына сай сыныптар арасында «Мен әдемі жазамын» тақырыбында каллиграфиялық сайыс өтті. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әрі сауатты жазуын дамытуға бағытталған іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Смахова ұйымдастырды. Арнайы берілген тақырып бойынша оқушылар диктант жазып, тапсырма орындады.
Дата: 23.09.2020, 11:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі