Жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу туралы
19.08 күні лицейде ZOOМ платформасында онлайн режимінде педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес жалпы Республикалық педагогикалық кеңес тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңесті лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина жүргізді.
Онлайн режиміндегі педагогикалық кеңеске барлығы 63 педагог қатысты.
Тақырыбы:
2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру.
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2. ҚР-ның 2020 жылғы 13.08 күнгі №345 бұйрығының №1 Қосымшасымен танысу;
3. Оқытудың қашықтық режимінде санитарлық талаптарды сақтау туралы;
4. 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
5. Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелері;
6. Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
7. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері
8. Педагог имиджі және этикетті сақтау.
Педагогикалық кеңесте қарастырылған тақырыптар мұғалімдерге сілтемелер арқылы жіберілді.
Дата: 20.08.2020, 17:38 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі