«Қашықтықтан оқыту барысында ТЖБ тапсырмаларын дайындауға арналған бағдарламаны тиімді қолдану»
"Балқаш қаласы білім бөлімінің" жоспарына сәйкес «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-інде 27.04.2020 күні лицейіміздің информатика пәні мұғалімі Искакова Гульзат Бекзатовна «Қашықтықтан оқыту барысында ТЖБ тапсырмаларын дайындауға арналған бағдарламаны тиімді қолдану» тақырыбында қалалық онлайн вебинар өткізді. Вебинар мақсаты- қашықтықтан оқытуда тоқсандық жиынтық бағалау және бөлім бойынша жиынтық бағалауды алуға тиімді Google формасымен жұмыс жасау алгоритмін көрсету.
Вебинарға жалпы 24 мұғалім қатысты. Осы вебинарда төтенше жағдайға байланысты IV тоқсанда өткізілетін ТЖБ- ды қолайлы жолмен алуға Google формасы ұсынылды. Сайттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, тапсырма жасаудың 3 - 4 түрін көрсетті. Және де оқушылармен кері байланыс жасау жолдары, яғни мұғалімге оқушылардың қорытынды жұмыстарын тексерудің тиімді жолдары ұсынылды. Вебинар соңында қала ұстаздары тақырыптың өзектілігін айтып, сұрақтарына жауап ала алды.
#Балқашбілім
#Школадома
#Бізбіргеміз

Дата: 28.04.2020, 18:07 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі