Баланы сабақ оқуға қызықтырудың құпиясы

Баланы сабақ оқуға қызықтырудың құпиясы
 
Қарапайым мысалдар

1. Тұрмыстық мысалдардан үйренеміз. Мектепте алған білімін күнделікті өмірде қолданудың мүмкіндігін қарастырыңыз. Дүкенде төленетін ақшаны есептеу cекілді мысалдармен үйретіңіз. Осы арқылы математиканың өмірдегі қажеттілігін көрсетесіз.
2. Өзіміз үлгі боламыз. Кішкентай балалар ата-анасы мен үлкен аға-әпкелеріне еліктейді. Балаға өзіңіздің ылғи ізденісте екеніңізді көрсетіңіз. Онымен бірлесе отырып, қызықты тақырыптар іздесеңіз, сонда ғана ол сізден үлгі алады.
3. Қателесуден қорықпаймыз. Қателесу – көңіл-күйді түсірудің себебі емес. Балаға басынан бастап, қателік жіберу ұялатын іс еместігін түсіндіріңіз. Тапсырмалар қиын болса, бірнеше бөлікке бөліп, бірге орындаңыз. Сонда баланың өзіне деген сенімі артады.
4. Тынығуға мүмкіндік береміз. Бала тыныққанда ғана күш жинайды. Оның мектептен кейін бірнеше сағат демалғаны абзал. Мүмкін түрлі үйірмелерін қысқартарсыз. Сіздің өмірге қызығушылығыңыз оның табысқа жетуінің басты кілті екенін ұмытпаңыз.
Date: 25.04.2020, 10:36 Author: Lyceum №2