Хабарландыру!

Құрметті ата – ана! Құрметті ата- аналар, көктемгі демалыс уақытында балаңыздың қауіпсіздігі үшін төмендегі ұсыныстарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз: ✅1. Балаңыздың күн бойы немен айналысатынан хабардар болыңыз, мүмкіндігінше бақылауда ұстаңыз. ✅2. Адамдар көп жиналатын орындарға балаларды апармауға және өзіңіз де бармауға тырысыңыз; ✅3. Жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтаңыз; ✅4. Балаңыздың қызығушылығына сәйкес бос уақытын тиімді ұйымдастырыңыз: әдеби-көркем шығармаларды оқу, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, шығармашылық жұмыстармен айналысу, қашықтықтан интернет олимпиадаларға қатысу.
Дата: 18.03.2020, 17:06 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі