Размер шрифта:

«Көктем аруы 2020 жыл»

«Көктем аруы 2020 жыл»

8-Наурыз халық аралық әйелдер мерекесіне орай «Абай атындағы №2 лицей» 7-8 сынып арасында «Көктем аруы 2020» қыздар байқауын өткілді. Байқаудың мақсаты  қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Көктемнің шуақты күнінде үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген  жеті ару сахна төріне шықты. Барлығы дерлік бірінен-бірі өткен сұлулар.Алдымен сәлемдесіп, өздері жайында ақпар берген арулар бұл күні бар өнерлерін аяп қалмады. Бірі әуелетіп ән салса, енді бірі мың бұрала биледі.

Бұл байқауда 8А сынып оқушысы Алтай Ақбөпе «Білімді ару» номинациясымен

7Ә сынып оқушысы Нұрлан Тоғжан «Өнерлі ару» номинациясымен

7Б сынып оқушысы Естай Мадина «Сүйкімді ару» номинациясымен марапатталды

Сынмен қатар байқауға белсене қатысып ІІІ-орынмен 7В сынып оқушысы Нұрғали Амина

ІІ-орын 8Ә сынып оқушысы Аукенова Алиша

І-орынмен 8Б сынып оқушысы Қараманова Шұғыла

Бас жүлдемен «Көктем аруы 2020» 7А сынып оқушысы Мұратқан Ақерке марапатталды.

Дата: 10.03.2020, 8:31 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі