«Бала-бақыт, ана-өмір шырағы»
8- наурыз аналар, арулар мерекесі қарсаңында 2-сыныптар арасында лицейішілік «Бала-бақыт, ана-өмір шырағы» атты сайысы өтті. Сайысқа бүлдіршін қыздар мен аналары қатысып, мерекелік сайыстың ажарын кіргізе түсті. Сайыста салт-дәстүр мен әдет –ғұрып, мәнерлеп өлең оқу, сұлулық сыры, өнер, зерделілік бойынша аруларымыз бен аналарымыз сыналып, тамаша өнер көрсете білді. Бұл сайыс-аналар мерекесіне арналған тамаша бір тарту болды.
Дата: 6.03.2020, 7:36 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі