Размер шрифта:

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей»КММ Асхана жұмысы туралы ақпарат

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей»КММ  Асхана жұмысы туралы ақпарат

Лицейде барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. 

2020 жылдың 28 ақпан айының  қорытындысы бойынша:

  • ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы және жетім 2 оқушы;
  • аз қамтылған  жағдайы төмен 75 оқушы;
  • көп балалы  отбасынан 47оқушы;
  • Ыстық тамақты ұйымдастырушы жеке кәсіпкер есебінен 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
  • Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Лицей асханасында оқушыларға берілетін тамақ ас мәзірі сәйкес беріледі. Асханасыдағы тамақтың сапасын, дұрыс ұйымдастырылуын лицей директоры, лицей медбикесі, әлеуметтік психолог, ата-аналар комитетінің өкілдері, лицйе президенді 10 сынып оқушысы тарапынан құрылған комиссия құрамымен  жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін  тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады.

Лицей асханасы  5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Бір күнде І-ауысымда82 оқушы тегінжәне 35 өз есебіненыстық тамақ ішеді, 312-ге жуық оқушы буфеттік тамақпен, ІІ-ауысымда64оқушы тегінжәне 26 өз есебіненыстық тамақ ішеді, 260-қажуық оқушы буфеттік тамақпен қамтылған. Сынып жетекшілероқушыларды асханаға кесте бойынша  тамақтануға алып келеді және мұғалімдер  кезекшілік атқарады. Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.Оқушылартамақтанар алдында қолдарын жуып, қол кептіргішті пайдалануға дағдыланған.

Лицейдегі  ауыз су режимін ұйымдастырылған.  Оқушылар  сүзгіден өткен тазартылған  су  тұтынады.

Асханада пайдалануға жол берілмейтін, яғни тыйым салынған тағамдар қолданылмайды.

Әл.педагог: Ә.Р. Төретай

Дата: 4.03.2020, 7:50 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі