Размер шрифта:

«1-Наурыз Алғыс айту күні» акциясы

«1-Наурыз Алғыс айту күні»  акциясы

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Соған орай «Абай атындағы №2 лицей» Мейірім клубының еріктілері қала тұрғындарына әсерлі көңіл күй сыйлады.

Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

"Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни  1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", - деген болатын Н.Ә.Назарбаев Ассамблея сессиясында.

Дата: 29.02.2020, 8:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі