Мектеп күні - 2020!

Мектеп күні - 2020!

Мектеп күні - 2020!
24.02 күні лицейде «Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі: Не? Қалай? Не үшін?» тақырыбындағы дәстүрлі мектеп күні форумының ІІ кезеңі өтті. Жаңартылған білім мазмұнына сай заманауи ұстаздың өз тәжірибесін насихаттайтын «Сандық және креативті технологиялар зертханасы» тақырыбында шебер сыныптар берілді. Математика мен информатика пәндерінің шебер сыныптарын лицейдің серіктестері ҚарМУ-нің физика- математика факультетінің аға оқытушылары лицей мұғалімдерімен бірлесе жүргізді. «Оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға дайындау» Иманбекова Б.Б. мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ –нің математика және ақпараттық технология факультетінің PhD докторанты Танин А.О. және информатика пәні мұғалімі Искакова Г.Б. мен ҚарМУ-нің математика және ақпараттық технология факультетінің аға оқытушысы, информатика мамандығы бойынша философия докторы PhD Р.Мұратхан «IT технологиясы информатикада» тақырыптарында өткізді. Оқушылардың жаратылыстану техникалық пәндерге қызығушылықтарын арттырып, компьютерлік сауаттылықтарын дамытатын STEM білім беру әдісі бойынша биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А. "Биология пәнінде STEM элементтерін қолдану, виртуалды зертхана" және бастауыш сынып мұғалімдері Ордабекова Н.Г. Толеубекова А.А. "STEM білім беру бастауышта", "Зерек жобасы арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру" Қуанышбекова Ж.К. мен Оразахимова А.Б. тақырыптарында шығармашылық тәжірибелерін көрсетті. Оқушылардың ғылымға алғашқы қадамдары «Жаратылыстану ғажайыптары» көрмесінен көрініс тапты. Биология саласындағы өсімдіктерді гидропоника жағдайында өсіру әдісін биология пәні мұғалімі Садыканова Б.Ж. арнайы жасалған қондырғыларымен өз тәжірибесінің нәтижесін көрсетті. Көрмеде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған танымы мол, мазмұнды бұрыш ұйымдастырылды. «Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі: Не? Қалай? Не үшін? бөлімінде «Нәтижеге бағытталған мектеп» моделі бойынша пленарлық отырысқа лицейдің серіктестері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің физика - техникалық кафедра меңгерушісі, физика және математика ғылымдарының кандитаты Кудусов А.С. шақырылып және Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің биология ғылымдарының докторы, профессор Сапаров Қ.Ә.- ның ғылыми кеңесі видео арқылы көрсетіліп тыңдалды. Мектеп күні -2020 форумы «Абай ұлылықтың тұлғасы» атты Ұлы Абайдың әсем әуендерінен композициялаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Дата: 25.02.2020, 17:31 Автор: №2 Лицей