Өзін- өзі тану апталығы
Лицейде ақпан айының 10-інші жұлдызында 3«Б» сынып оқушыларымен «Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: «Мейірімділік» және «қайырымдылық» адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру.«Рух» сөзінің мәнін аша отырып, жақсылық пен жаманның адамның іс-әрекеті арқылы өлшенетінін, халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балағанын айта отырып, сабақ барысында оқушылармен «Жылылық», «Жақсылық тамшылары», «Мейірімділікке адымдар» тренингі жүргізілді. Сондай-ақ, адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойыны ойналды. Іс шараны 3Б сынып мұғалімі Мусатаева А.А өткізді.
Дата: 11.02.2020, 7:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі