«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
«Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен біздің лицейімізде де республикалық акциясы басталып, тақырыптық стенд жасалды. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. 2020 жылдың 31 қаңтар күні лицейіміздің жол жүру инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бейне роликтер арқылы көрсетіп, «Жол қауіпсіздік ережесі» туралы жадынама парақшаларын таратты. Сонымен қатар лицей медбикесі 6-7 сынып оқушыларына жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу және осындай жарақаттану кезінде зардап шеккендерге кандай алғашқы көмек жасалу керек екенін түсіндіріп, практика жүзінде көрсетті.
Дата: 3.02.2020, 7:23 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі