«Кітап оқитын адам – табысты адам» Bookdating

«Кітап оқитын адам – табысты адам» Bookdating

Әр күніміз әлеуметтік желіге байлаулы. Бос уақытымызда кітап оқуға емес, телефонға үңіліп, әлеуметтік желілерді шарлап кететініміз белгілі. 

         Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,– деген екен. Ал қазіргі қоғамдағы кітаптың орны қандай деңгейде? «Артық білім – кітапта» екенін біле тұра, бетін сирек ашатынымыз – шындық.

         Лицейіміздің оқушыларының кітап оқу, көркем әдебиетке қызығушылығын білу, әрі «Мен OFFLINE»атты кеңмасштабты Халықаралық балалар акциясына ат салысу мақсатында лицейімізде «Кітап оқитын адам – табысты адам»атты Bookdating шарасы өткізілді.  Шара аясында кітап оқудың пайдасы туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар кітап оқудың аясында өз түсініктері мен оқитын кітаптары туралы ой бөлісті.

Дата: 30.01.2020, 13:21 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі