Ерікті болу - ерлік

Ерікті болу - ерлік

Ерікті деген бұл – әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. Бұл-жастардың бойында азаматтық позицияны, потриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі. Ерікті болу арқылы біз жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақыратын бірден-бір платформа деп айтсақ болады.  Биылғы жылдың да еріктілер жылы болып бекітілуі жәй емес. Соған орай, оқушыларымызға жан-жақты ақпарат беріп, ерікті деген ұғымды жете түсіндіру мақсатында лицейіміздің І-қабатындағы электронды киоск жанында еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Дата: 24.01.2020, 8:40 Автор: №2 Лицей