Облыстық онлайн сабақ
23.01 күні лицейде 8 Б сыныбында ағылшын тілінен «The importance of reading» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Мусина С.М облыстық он лайн сабағын өткізді. Замануи форматта өткен сабақта оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылып, оқушы белсенділігі жоғары болды. Сабақ барысында «ыстық-суық», «оқы және талда» стратегиялары бойынша тапсырмалар орындалды. Ағылшын тілі сабағында оқылым және тыңдалым дағдысына баса назар аударылып, оқушылар топпен, жеке, жұппен жұмыс жүргізді. Сабақтағы тапсырмалар сабақ мақсатына бағытталған, әр тапсырмаға дескрипторлар берілді. Жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілген сабақта медиатехнологиялары да тиімді қолданылды. Оқушылар ноутбукта электронды кітапхана сайтына шығып, мәліметтер алды. Кластер құру арқылы грамматикалық тапсырмалар орындады. Кері байланыс ұтымды жүргізілді. Өмірдегі кітап оқудың маңыздылығы тақырыбында өткен сабақта оқушылар лицей ішіндегі кітап оқуға байланысты жүріп жатқан тиіміді жұмыстарды, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс шараларды да ағылшын тілінде атап өтті. Сабаққа оқушылар «Жетістік баспалдағы» бойынша рефлексия жасады.