Размер шрифта:

2019-2020 оқу жылының ІІ –тоқсан бойынша асхана жұмысы және бракераждық комиссия жұмысының қорытындысы туралы

2019-2020 оқу жылының ІІ –тоқсан бойынша асхана жұмысы және бракераждық комиссия жұмысының қорытындысы туралы

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Лицей оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;

- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;

- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Лицейде тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау,  олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.

Лицейде барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. 

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

2020 жылдың 06 қаңтарындағы ІІ - тоқсан  қорытындысы бойынша ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар:

  • Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын 122 білім алушыға тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынылған.
  • Ыстық тамақты ұйымдастырушы жеке кәсіпкер есебінен 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
  • Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Өндірістік бақылау қорытындысы:

Бракераждық комиссия мүшелері асхананы аптасына бір рет, әр дүйсенбі күні тексеріп дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия күнделікті тексеріп, қадағалап отырады.

 

Комиссияның  міндеттері:

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;

- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;

- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;

- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;

- комиссияның жұмыс жоспарын жасап, оны білім беру мекемесінің әкімшілігімен келісу.

 Әр жексенбі күні жеткізілген өнімдердің, күнделікті дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. Лицей медбикесімен бракераж журнал жүргізіледі. Аталмыш комиссияның жұмысының міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастыру, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады. Асханада пайдалануға жол берілмейтін, яғни тыйым салынған тағамдар қолданылмайды.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Дата: 23.01.2020, 13:34 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі