2019-2020 оқу жылының І –тоқсан бойынша оқушылардың лицей асханасынан тамақтанулары туралы есебі.
Оқушылардың лицейде болған кездеріндегі ыстық тамақпен қамтылуы, олардың денсаулығын сақатауларына, жақсы оқуларына әсер етеді. Оқушылардың толық және құнарлы тамақтану әр түрлі аурулардың алдын алады, оқуда жұмыс ақтқару әректін арттырады, физикалық және ойлау қабілетінің дамуына, қазіргі өмірге бейімделуіне ықпалын тигізеді.Осыған байланысты лицейдегі тамақтануды ұйымдастыру кезінде бірқатар принциптер сақталады. Олар:
- Толыққанды тамақтану рационын құру;
- Құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай әртүрлі тағамдарды қолдану;
- Тамақтану тәртібінің қатаң сақталуы;
-Тамақтану мәдениеті мен эстетикасының сақталу тәртібі, жас ерекшеліктеріне байланысты гигиеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу;
- Тамақты дайындау барысында технологиялық ережелердің қатаң сақталуын қадағалау, тамақтардың тазалығын және сақталу жолдарын қамтамасыздандыру;
- Ас бөлмесін күнделікті тәртіпке бақылау және басқару;
- 2019 жылдың 30 қазанындағы І - тоқсан қорытындысы бойынша ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар:
- Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын 118 білім алушыға тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынылған.
- Ыстық тамақты ұйымдастырушы жеке кәсіпкер есебінен 6 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
- Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2.Асхананың жұмыс тәртібі
Асхананың жұмыс тәртібін қадағалау мақсатындаоқушылардың асханада тамақтану уақыты мен әкімшілік және мұғалімдер кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді.
Ас мәзірі әр түрлі. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі ассартиментті азық -түліктер, кулинариялық түрлі тәттілерден тұрады. Күнделікті ас мәзірінде ет және балық тағамдары, сүт және сүттен жасалған тағамдар, сары май, өсімдік майлары, нан және ұннан жасалған әр түрлі тағамдар, жемістер, көкөністер болады. Апта ішінде міндетті түрде ас мәзірінде жарма және макарондар, ірімшік, сыр, кондитерлік тағамдар, жаңа піскен жемістер, көкөністер, картоп, табиғи шырындар және дәруменді азық- түліктер қолданылады. Ет, балық, құс еті, көкөніс, сорпалары, әр түрлі тағамдар, борщ, щи, дайындалады. Күнделікті баланың ас мәзірінде жеткілікті мөлшерде жаңа піскен жемістер көкөністер болуы тиіс! Лицей асханасында оқушыларға арнайы түрде жаңа піскен көкөністерден жасалған, жемістер қосылған салаттар ұсынылады. Бұл салаттарда адам ағзасына пайдалы дәрумендер, микро элементтер бар. Ас мәзірі 3 тілге аударылып білім алушылардың назарына ұсынылды.
3.Асхана жұмысын қадағалау.
Лицей асханасыдағы тамақтың ұйымдастырулуы және жұмысы арнайы комиссиямен тексеріліп бақыланады. Бұл комиссия құрамына мектептің дәрігерлік қызметкері және сынып жетекшілері кіреді. Төмендегі құрамда мониторинг жүргізу комиссиясы құрылды:
Комиссия төрайымы – К.Т. Рахимберлина, лицей директоры
Комиссия мүшелері:
1. Т.Е Умбетова. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. Ә.Р.Төретай – әлеуметтік педагог
3. А. Хасенова – медбике
4. Г.Т.Муслымова – ата-ана
5. М.Алгамжанов– лицей президенті, 10 «А» сынып оқушысы.
Тағамдардың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен аптаның әрбір жұма күндері оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жеткізілген тағамның сапасы, жарамдылығы, сақтау мерзімі тексеріледі. Күнделікті ас дайындайтын бөлменің, залдың санитарлық жағдайы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, тағамды қазанға салу сәті, тағамдардың әр түрлілігі, тоңазытқыш- технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп, асхана жұмысын қадағалау журналы толтырылады. Сонымен қатар күнделікті асхана қызметкерлерінің денсаулығы тексеріледі.
Дайын тамақты органолептикалық бағалау мақсатында төмендегі құрамда бракераждық комиссия құрылды:
Комиссия төрайымы – Т.Е. Умбетова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Комиссия мүшелері:
- А. Хасенова– медбике
- М.Т.Битусупова – өндіріс меңгерушісі
- К.Д. Дарибекова - қамқоршылық кеңесінің төрайымы
- Г.Т.Муслымова– ата-ана комитетінің төрайымы
Бракераждық комиссия мүшелері асхананы аптасына бір рет, әр дүйсенбі күні тексеріп дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе, мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия күнделікті тексеріп, қадағалап отырады. Жүргізілген жұмыстар әдеттегідей интернеттегі «Лицейдегі тамақтандыру» сайтына жарияланып отырады.