Оқудағы іс - әрекетті зерттеу жұмысы
Қаңтар айының 11 күні лицейде «Әдістемелік зертхана» атты орталықтың отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа лицейдегі «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және деңгейлік курстан өткен мұғалімдердерден құралған шығармашылық тобы қатысты. І тоқсандағы білім сапасы төмен 7Б, 8Ә сыныбындағы оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі мен оқудағы әрекеттеріне зерттеу жасаған М.С. Байтурганова және Ш.Д. Стамбекова, Н.А. Коккозовалар зерттеу қорытындысын көрсетті. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында құрған жоспарларымен таныстырды. Зертхана отырысында шығарамашылық топ мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнында білім сапасын арыттырудағы көкейтесті мәселелер қаралды, талқыға түсті. «Әдістемелік зерітхана» отырысын директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т Жаксыгелдина ұйымдастырды.
10 қаңтар күні лицейде «Lessen stady» зерттеу тобының отырысы өтті. Отырыста сабақты зерттеу бойынша лицей тренері - Н.Н. Жортарова өткізді. Lesson Study - зерттеуге алынған 7Ә сыныбына сабақ беретін мұғалімдер шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдайтын мұғалімдер тобы қатысты. Осы сыныпқа сабақ беретін география, математика, орыс тілі және физика пәні мұғалімдері сабақтағы зерттеуге алған оқушылардың іс- әрекеттері мен белсенділігі бойынша сараптама жасады. Тиімді жолдарын атап өтті.