2020 жылдағы ұлы тұлғалар мерейтойы

   2020 жылдағы ұлы тұлғалар мерейтойы

      Қаңтар айының 15 күні лицейде Ұлы ойшыл философ Әбу - Насыр әл Фарабидің 1150  жылдығына арналған «Ұлы ойшыл ғұлама Әбу - Насыр әл Фарабидің даналық сөздері» атты танымдық кеш өтті. Іс шараны химия пәні мұғалімі Р.С. Мұқамеди  және 10 А,Ә сынып оқушылары дайындады. Д. Абеуов, А. Қамбар, Н. Кәрібай, Ә. Исмагулова, Т. Абеуова, Д. Қайыржан сынды оқушылар ғалымның математика, медицина, тәрбие, жантану саласындағы ұлы еңбектерін  презентациялап, мазмұны терең, ғылыми теорияларымен түсіндіріп өтті. Ұлы ойышылды әдемі дауыспен әртістік шеберлікпен сомдаған М. Алғамжанов тәрбиелік, даналық сөздерін нақышына келтіре баяндады. Іс-шараны сынып 10А сынып оқушысы  А. Иешова жүргізді. Танымдық кешке 9 - сыныптар, жаратылыстану пәні мұғалімдері, жас мамандар қатысты. Оқушылар ұлы ойшылдың даналық сөздерімен қанаттанып қайтты.

Дата: 21.01.2020, 11:02 Автор: №2 Лицей