«Абай-руханияттың алтын қазығы» жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Абай мұрасы- қоғамдық тағылым мектебі» атты педагог қызметкерлердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясы
Лицейде 20 қаңтар күні «Абай-руханияттың алтын қазығы» жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Абай мұрасы- қоғамдық тағылым мектебі» атты педагог қызметкерлердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласынан келген тарихшы, Мемлекет тарихы институтының ғалымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай Нұрмақұлы және қалалық «Тілдер орталығы» директорының орынбасары, тіл жанашыры, журналист Жарылғап Махмұт Сәдуақасұлы, ардагер ұстаздар: Күлшара Дәрібекова, Абайтанушы Әлия Зиядақызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Бакаева Раиса Жанатовна, бұқаралық ақпарат құралдарының, мектеп әкімшілігінің өкілдері, қаланың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жас Абайтанушы оқушылар қатысты. Конференцияның алғы сөзін құрметті қонақ өнегелі Абай өмірін дәріптеу керек екендігін жеткізе отырып, мемлекет басшысының мақаласына тоқталды және іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, өз ризашылығын білдірді. Конференцияны Абай тағылымын жас ұрпақтың бойына дарытуда өзіндік үлесін қосып жүрген қала мектептерінің ұстаздары жалғастырып, өзіндік іс-тәжірибелерін ортаға салды. Өз заманында дара дарын иесі атанған ақынның композиторлық шеберлігі туралы Абай атындағы №2 лицейдің музыка пәні мұғалімі Өмірхан Әділет,ұлы ойшылдың педагогикалық көзқарастары, ағартушылық танымы, ұрпақтар сабақтастығы хақында «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Имухаметова Салтанат Сәбитқызы, «Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалілімі Сапарова Гүлбаршын Беркінқызы, Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адрейсова Шынар Ардаққызы,№8 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Артықбаева Әсел Өміртайқызы ой бөлісті. Сонымен қатар іс-шара барысындаұлы ақынның шығармаларын біліп, көркемдік ой елегінен өткізіп эссе жазып, рухани жан дүниесін байытуда, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуде лицейде «Абай тағылымы» қалалық Абай атындағы олимпиаданың қорытындысы жарияланып, қала мектептерінің оқушылары марапатталды. Абай ілімін дәріптеп жүрген ардагер ұстаздар Күлшара Дәрібекова, Әлия Зиядақызы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Бакаева Р.Ж. сөз сөйлеп, ақын ұлылығын ұрпақ бойына дарытуда маңызды іс-шаралардың бірі екендігін атап өтіп, ризашылығын білдірді. Конференция соңында лицей директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбековна келген қонақтарға, ұстаздар мен оқушыларға өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді. Ұлы тұлғасын ұлықтаған лицей оқушылары ақын өлеңдерін көркем жеткізе отырып, өнерпаздар сырлы сазын әуелете шырқап іс-шараны әсем күйге бөледі.