«Парасаттылық сағатының» өткізілуі туралы ақпар
Жастар арасында адалдық, парасаттылық қағидаттарын дамыту жөніндегі шаралар тұрақты өткізілуде. Бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары мазмұнды өткізілді. Қазақбаева А 2А сыныбында аналар мектебінің Шоханова А.К, Аулбаева А.Р. қатысуымен парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, зерделілік мағынасында қолданылатындығы туралы мағыналы тәрбие сағатын өткізді.
8А Усенова Т.О, 8Б Амирбаева Ғ. М. сыныптарда өткізілген дөңгелек үстел Рухани бағыттағы мағыналы тақырып болашақ жас ұрпақтың жан-жақты ашылуына, сөздік қорының қалыптасуына, өз ойын ашық та еркін жеткізуіне септігін тигізеді.
9Б сыныбы Көккөзова Н.А. аналар кеңесінен Ж.Омарованың қатысуымен ұйымдастыған дөңгелек үстел «Парасат» тақырыбындағы дәрісте оқушыларға адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді. Осындай тәрбиелік сағаттар барлық сынып бойынша жүргізілді. Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі екені айтылды.