«Әл Фараби- Шығыстың ғұлама ғалымы»

«Әл Фараби- Шығыстың ғұлама ғалымы»

2020 жылдың қаңтар айының 13- і  күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- де 7 А сыныбының оқушыларының ұйымдастыруымен  «Әл Фараби- Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында саптық жиын өтті. Саптық жиынның мақсаты:Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған, шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан- жақты ерекше тұлға болғандығын көрсету. Шығармаларынан үзінді  оқи отырып,  мән- мағынасын түсінуге үйрету,  жастардың бойына  туған жерге,  еліне деген сүйіспеншілікті ояту болатын.

Оқушылар ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмірі, өлең жолдары, айтқан нақыл сөздері, өлең жолдарын оқу арқылы  бақытқа жету үшін адам үнемі ізденісте болу керектігіне тоқталып  өтті. Сонау бірнеше ғасырлар бұрын дүниеге келген әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл- Фарабидің өзі еліміздің болашағы- жастар қолында екенін, әл-Фараби мен әміршінің көрінісі арқылы көрсете отырып, оқушылардың болашаққа, келешекке деген сенімдерін нығайта түсті.

Дата: 13.01.2020, 12:41 Автор: №2 Лицей