Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар

Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі.
Осы орайда Абай атындағы №2 лицейде құрылған «Мейірім» еріктілер ұйымы да өз эстафетасын бастады. Ерікті болу - ерлік демекші өз еркімен пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл сайын артып келеді.
Лицейдің «Мейірім» еріктілер ұйымының мүшелері қаламыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Омаров Мұқажан атамыздың үйіне барып, өз қолғабыстарын тигізіп қайтты.
Мұқажан атаның Ұлы Отан соғысы туралы, еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты бағалау керек деген әңгімесін тыңдап, батасын алып қайтты. Күліп- ойнап жүріп , қар тазалап, отын кіргізіп үй шаруасына қолғабыстарын тигізді. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін Мұқажан атамен ескерткіш суретке түсіп, атаның тағлымы мол әңгімесін тыңдады. Еріктілердің өздері Мұқажан атаның батасын алып, қолғабыс жасап , кішкентай болса да көмек жасап ризашылығын алғандарына мәз болысты.
Еріктілікпен айналысуға ең бастысы ниет керек. Қайырымдылық жасап, көмек қолын созу үшін қаражат емес, белсенділік қажет екенін осыдан көреміз.
Абай атындағы №2 лицей
«Мейірім» еріктілер ұйымы
Дата: 13.01.2020, 8:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі