«Абай қарасөздеріндегі ең үздік үш ой» қарары негізге алына отырып 9-11 сыныптар арасында дебаттық турнир

«Абай  қарасөздеріндегі ең үздік үш ой» қарары негізге алына отырып  9-11 сыныптар арасында дебаттық турнир

Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде  2020 жылдың 9 қаңтарында 12:00 де «Сарыарқа саңлағы» жастар жобасын іске асыру  аясында «Адамгершілік және рухани тазалық» тақырыптық идеясы ескеріле отырып, «Абай  қарасөздеріндегі ең үздік үш ой» қарары негізге алына отырып  9-11 сыныптар арасында дебаттық турнир өткізілді.  Жастар арасындағы азаматтық көзқарас пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған  пікірталаста  «Алаш» және «Абайтанушы» командалары белсенді өнер көрсетіп, тағылымды ойды жеткізе білді, ұтымды сұрақтар, ұшқыр жауаптар көрініс тапты. Дебаттың мазмұнды, өткір мәселерді қозғауда «Алаш» командасының мүшелері белсенділік танытты.

Дата: 9.01.2020, 13:25 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі