«Кітап оқу - рухани-адамгершіліктің, сауаттылықтың негізі»
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бәсекеге қабылетті ұлт қалыптастыру, жастарымыздың, оқушыларымыздың білімді, білікті болуына ықпал ету, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастарды тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтың бірі - кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында жоспарға сай 2020 жылдың 8 қаңтар күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейімізде»«Кітап оқу - рухани-адамгершіліктің, сауаттылықтың негізі» тақырыбында педагогикалық оқулар өтті. Педагогикалық оқулар аясында лицей басшысы Рахимберлина Қарлығаш Тишбекқызының бастамасымен құрылған «Кітап – білім бұлағы» жобасы таныстырылды. Ұстаздарымыз үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді көрсете отырып, оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту жолында жүзеге асырылып жатқан инновациялық педагогикалық тәжірибелерін ортаға салып, ой бөлісті. Іс-шара аясында айтылған ой-пікірлер қызу талқыланып, ұсынылған жобаның өз деңгейінде өтуіне оң шешім қабылданды.