«Абай- дана, Абай -дара қазақта!» атты қалалық байқау!

«Абай- дана, Абай  -дара қазақта!»  атты қалалық байқау!

«Балқаш    қаласы мәдениеті  және  тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Тілдер  орталығы» КММ  ұйымдастыруымен  24.12.19  күні  Ұлы  Абайдың 175 жылдық  мерейтойына  орай  ұйымдастырылған  «Абай- дана, Абай  -дара қазақта!»  атты қалалық   байқау  өтті.

Байқау тәртібі  бойынша -1  кезең: «Жүрегі  жырдан  жаралған» челлендж интербелсенді тақтадан  көрсетілген  ұяшықтарды  таңдай  отырып, Абай  өлеңдерін    жатқа  оқу; 2 кезең: «Проверяй всё  сердцем» (Абай  қарасөздерін   орыс  тілінде  жатқа  оқу). 3кезең:  Абай  өлеңін   ағылшын  тілінде  мәнерлеп оқу;  4  кезең  «Абайдың жолы – Ұлы  жол» (М.Әуезовтің «Абай  жолы» романынан  үзіндіні   көркем шеберлікпен  жатқа  орындау)  сияқты  тапсырмалар  берілді.  Абай  атындағы  лицейдің  10А  сынып оқушылары Алғамжанов Махамбет  жүлделі  1  орын, Саматова Диана  жүлделі  2  орынға ие  болды. Оқушыларды аталған  байқауға     үш  тілде  дайындаған  ұстаздар   С.С.Имухаметова, А.К.Ашимкулова, Н.Қ.Пиримбетоваларға шығармашылық  табыс  тілейміз.

Дата: 25.12.2019, 14:54 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі