Пәндер онкүндігі.
Лицейде Гуманитарлы пәндер онкүндгі жұмысын жалғастыруда. 13.12 күні 8-9 сынып жасөспірім ұлбалаларға арналған «Жасөспірім және заң» тақырыбында ашық алаң іс шарасы өтті. Іс шара мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Ашық алаңда 9 сынып оқушылары Есенгалиев А. Мәдібеков А еліміздегі адам құқықтары жайлы және заң бұзушылықта жүргізілетін кодекстер туралы презентациямен мәліметтер берді.Іс шараны тарих және құқық пәні мұғалімі Досыбаев Н.К ұйымдастырды. Ашық алаңда оқушылар құқықтық сана мен жігерді шыңдаулары керектігі жөнінде мол ақпарат алып, деректі фильм тамашалады. Іс шараға лицей инспекторы қатысты.
Дата: 18.12.2019, 16:42 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі