Қалалық «Ұланымыз-Ұлы елдің» ту ұстаушылар байқауы

Қалалық «Ұланымыз-Ұлы елдің»  ту ұстаушылар байқауы

2019 жылдың 13 –ші желтоқсан күні КМҚК «Оқушылар сарайында» қалалық ту ұстаушылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының нышандары мен рәсімдеріне белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді қалыптастыру. Байқауға лицейіміздің жоғарғы сынып оқушылары қатысты, олар: Жамел Арнұр 10А, Саматова Диана 10А, Қамбарұлы Асқар 10А, Маралова Жанетта 10Ә, Айдос Тоғжан 10Ә, Ерболқызы Аруна 10Ә.  Лицейіміздің «Ту ұстаушылар тобы» саптағы қозғалыс әдістерін орындау шебері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп жүлделі ІІ-орынға ие болды!

Дата: 18.12.2019, 17:33 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі