Лицейде Абай-руханияттың алтын қазығы жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла..» атты қалалық Абай оқулары өтті.

Лицейде Абай-руханияттың алтын қазығы жобасы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы  аясында  «Жүрегімнің түбіне терең бойла..» атты қалалық  Абай оқулары өтті.

«Суретті сұлу сөздің атасы» номинациясы «Абай жолы» роман эпопеясынан үзіндіні жатқа оқу бойынша ІІІ орын - Саиранова А ( №2 мектеп интернат), Әділетұлы Н (№5 мектеп), Сатыбалдина Айдана (№15 мектеп лицей) , ІІ орын - Мұхаметжанова А ( №7 мектеп-гимназия), Рахимбаев Т. ( №8 орта мектеп) , І орын -Тлеугабылова А. ( Саяк кенті), бас жүлде лицей оқушысы Алғамжанов Махамбет еншіледі.

«Даналықтың дара шыңы» номинациясы бойынша ІІІ  орын - Ахметжанов А ( №8 орта мектеп), ІІ орын - Жанатова А ( №16 орта мектеп), І орын - Карыбаева Мадина ( Абай атындағы №2 лицей), Бас жүлде - Ибраимов А ( №15 мектеп-лицей) алды. Тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, Абай мұрасы  ұлт болашағын тәрбиелеуде біздің негізгі бағдарымыз, кемел келешекке қадам басар шамшырағымыз.

Дата: 28.11.2019, 9:25 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі