«Кітап әлеміне саяхат» ақпараттық-кітапханалық саяхат

«Кітап әлеміне саяхат» ақпараттық-кітапханалық саяхат

Ақпараттандыру, жаһандық және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру, кітап оқу бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, яғни 1 сынып оқушыларын кітап оқуға баулу шаралары да назардан тыс қалмайды. Соған орай, 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру мақсатында «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында ақпараттық-кітапханалық саяхат шарасы жүзеге асырылды. Шара барысында кітапхананы пайдалану ережелері түсіндіріліп, болашақта осы кітапханаға жазылып, білімдерін шыңдауға, жиі кітап оқуға кеңес берілді. Оқушыларымызға кітап оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында биылғы оқу жылында лицейімізде «Сoworking» орталығы ашылған. Сол орталықпен де танысып, кітап оқып, тың мәліметтер алды.

Х.Булганбай,  лицей кітапханашысы

Дата: 25.11.2019, 15:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі