Ағылшын тілін білу- заман талабы.

Ағылшын тілін білу- заман талабы.

15.10 күні лицейде ағылшын тілі пәнінің «Star klub» үйірмесінің оқушыларының ұйымдастыруымен спорт, білім өнер саласындағы жеңімпаздарға арналған тілшілер сұхбаты өтті. Сұхбат барысында жас тілшілер ағылшын тілінде қатысушыларға қызықты мазмұнды сұрақтар қойып, еркін диолог жүргізді. Ағылшын тілінде сұхбат алған жас тілшілер: Малыбаева А. Кенжебеков Б. Іс шара жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Пиримбетова Н.К.

16.10 күні лицейде 4 В сыныбында ағылшын тілінен «Travel to the country of philology» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Пән мұғалімі Мұқатай А.А. Сайыс саяхат ойыны формасында өтті. Сайысқа қатысқан 5 топ түрлі қызықты  станциялардан өтіп, танымдық тапсырмалар орындап ағылшын тіліндегі білімдерін сынады. Зияткерлік сайыс барысында оқушылар фонетика, грамматика, сөз құрастыру, жаңылтпаш айту тапсырмаларын қызыға орындады. Сайыста тапқыр білімдерімен  «Смайлики» тобы І орынмен марапатталды. Сайысқа белсенді қатысқан  оқушыларға   сыйлықтар берілді.

Дата: 18.10.2019, 13:31 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі